«Kinder» өнімі қауіпті ме? – Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді

Әлеуметтік желілерде «Kinder» өнімінде қауіпті заттар бар деген ақпарат таралуда. Осыған қатысты Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл мәліметтердің ескірген және 2016 жылға қатысты екендігін хабарлаймыз. Аталған мәселе бойынша ЕАЭО-ның құзыретті органдары өз уақытында тексеру жүргізген, нәтижесінде қандай да бір заңбұзушылық фактілері расталмаған. Қазіргі уақытта бұл өнімге қатысты халықтан шағымдар мен өтініштер тіркелген жоқ, - деп жазылған хабарламада. 

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тек ресми және тексерілген ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрайды. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда тұтынушылар шоколадты аз тұтына бастағанын жазған болатынбыз. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы