Кімнің мобильді аударымы бақылауға алынатыны белгілі болды

2026 жылдың басынан бастап жеке тұлғалардың мобильді аударымдарына арналған салық бақылауының жаңа ережелері күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Енді аударымдар келесі критерийлер бойынша тексеріледі:

  • Бір адамға үш ай қатарынан (қаңтар, ақпан, наурыз) 100-ден астам әртүрлі жіберушіден ақша түссе;
  • Жалпы аударылған ақша сомасы 1 млн теңгеден асса.

Егер осы екі шарт бір мезгілде орындалса, салық органдары тексеріс жүргізе алады. Екінші деңгейдегі банктер тиісті ақпаратты салық органдарына тапсыруға міндетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін де мобильді аударымдар бойынша жаңа талаптар жайлы түсіндірдік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ коллажы
Өзгелердің жаңалығы