Кімге қандай гүл сыйлаған жөн?
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Жер ананың түрленіп, түске енетін мезгілі – көктемнің алғашқы мерекесі де келіп жетті. Бұл күн әрбір әйел затының жыл бойы күткен үмітінің ақталып, ерекше сыйлық алатын кезі.
Бұл күні әже-апамыздың, анамыздың, әпке-қарындасымыз бен жан жарымыздың жүзінен ренішті емес шат күлкіні күтетін біз, ерекше сыйлық жасауға талпынатынымыз да рас. Ер-азаматтардың бірі қымбат, бірі арзан сыйлық жасаса да 8 Наурыздың ажырамас атрибуты саналатын гүл сыйлауды ешкім де дәстүрден алып тастаған емес. Осы ретте гүл сататын дүкендерді аралаған сайт тілшісі, кімге қандай гүл сыйлауды анықтап, әр гүлдің орташа бағасын саралап көрді.
«Кімге қандай гүл сыйлау керек?» - міне бүгінгі күннің басты сауалы. Біреуге бұл бәрібір шығар. Десек те, әр гүлдің өзіндік мәні, өзіндік сәні, өзіндік мән-мағнасы бар. Бұл туралы гүл сатумен бірнеше жыл қатарынан айналысып келе жатқан Райхан Дюсенбина айтады. Адамдарға жарқын көңіл сыйлауды кәсібіне айналдырған ол әр клиенттің қалауы әртүрлі екенін айтады.
«Анама қандай гүл алсам екен?», «апайыма ше?», «қарындасым қандай гүлді қалайды екен?», «жан жарымды қандай гүлмен қуантсам?» деген сөздерді жиі естимін. Әркімнің қалауы әртүрлі. Дегенмен, әр гүлдің мән-мағнасы, сыйлайтын жөні болады. Сүйіктіңе, құрбыңа, анаң мен әжеңе, қайын енеңе сыйлайтын гүлдердің түрін дұрыс таңдаған жөн», - дейді Райхан.
Оның айтуынша, сүйіктіңе - орхидея, қызыл раушан, құрбыңа - түймедақ пен ирис, ал анаң мен әжеңе және әріптесіңе көбінесе достықтың, жақсылықтың нышаны болып келетін ақ және сарғылт түсті гүл түрлерін сыйлаған жөн көрінеді.
Сонымен, кімге қандай гүл сыйлаған жөн? Білгіңіз келе ме? Ендеше, кестеге көз салыңыз:
Сүйіктіңе | Орхидея | 800 теңге |
Қызыл раушан | 600 теңге | |
Гербера | 800 теңге | |
Құрбыңа | Түймедақ | 800 теңге |
Ирис | 400 теңге | |
Хризантема | 1000 теңге | |
Анаңа | Күнбағыс гүлі | 1000 теңге |
Қызғалдақ | 500 теңге | |
Қалампыр | 350 теңге | |
Қарындасқа | Альстромерия | 800 теңге |
Лилия | 800 теңге | |
Әжеңе | Құмырадағы шегіргүл | 1000 теңге |
Ақ раушан | 700 теңге | |
Сары қызғалдақ | 500 теңге | |
Қайын енеңе | Сары раушан | 600 теңге |
Әріптеске | Гран при раушаны | 600теңге |
Азамат ТЕМІРБЕКОВ