Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы жандануы тиіс – Түркістан облысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің осы жылғы алғашқы отырысы өтті. 

Бүгінде Түркістан облысында тіркелген қоғамдық бірлестіктердің жалпы саны – 121. Облыста республикалық, саяси партияның («NurOtan», «Ақжол», «Ауыл», «Қазақстан Коммунистер партиясы», «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы», «Бірлік») филиалдары жұмыс жүргізуде.

Биыл облыстағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың негізгі бағыты, яғни азаматтық бастамалар орталығы,мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау, экология, туризм, дін және өзге де тақырыптар бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілмек. Бұл – үкіметтік емес ұйымдар үшін үлкен қолдау.

Жиында Түркістан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсенбай Тәжібаев «Қоғамның азаматтық белсенділігі жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқанын алға тартты. 

"Қадамдар жергілікті атқарушы билік жұмысының тиімділігін арттыруға тікелей септігін тигізеді. Әсіресе өңірдегі әлеуметтік мәселелердің шешіміне ықпал ететін жобаларды жүзеге асыруға үкіметтік емес сектордың көмегі мен белсенділігі қажет. Мәселен кешегі Арыс оқиғасынан соң зардап шеккен қаланы қалпына келтіру, секторларға бөлінгентұрғындармен келісімдер жасау, олардың сұрақтарын әкімдікке жеткізіп, шешімін табуға атсалысу барысында нағыз азаматтық белсенділер ел ортасынан шықты. Гуманитарлық көмекті бөлу, тарату барысында еріктілер де ерекше үлес қосты. Мұндай халық пен биліктің ортақ мақсатына қызмет ететін азаматтық белсенділік мемлекеттің дамуы мен тұрақтылықтың орнауына ықпал етеді. Қиын сәтте іске асқан осындай бастамалар мен тиімді жүйені өзге аудандарда жүзеге асыруға пайдаланамыз. Бұдан бөлек үкіметтік емес ұйымдардың бірі мүмкіндігі шектеулі жандардың мұңын мұңдаса, ендігі бірі экология мен тұтынушылардың жоғын жоқтайды. Өзге де салаларда атсалысады. Сондықтан ұйымдармен бірлесе қызмет еткен жағдайда ғана қоғамдық күшке айналып, нәтижеге қол жеткізе аламыз», - деп атап өтті ол.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы