Үкіметтің кешенді жоспары: Жұмыспен қамту қалай реттеледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2020 жылдың соңына дейін еліміздің экономикалық өсімін қалпына келтіруге бағытталған кешенді жоспары туралы айтты. 

Бүгін Үкіметте қабылданған кешенді жоспар жаңарту аясында жаңа жұмыс орындарын құру, халықты жұмыспен қамту және бүгінгі бар жұмыс орындарын сақтап қалуға бағытталған. Осыған байланысты біздің елімізде іске асырылып жатқан барлық мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалардың әлеуетін ескере отырып, толығымен сапалы орындау көзделген. Атап айтқанда, жаңадан іске асырылып жатқан "Жұмыспен қамту жол картасы" аясында 6 500 инфрақұрылым жобалар қолға алынады. Бүгінгі таңда 3 700 жоба  басталып кетті. Ол жерде 35 000 адам жұмысқа тартылып отыр. Жалпы, "Жұмыспен қамту жол картасы" аясында 255 000 адам жұмыспен қамтылатын болады, - дейді Біржан Нұрымбетов.

Оның айтуынша, екіншісі қолданыстағы мемлекеттік "Еңбек бағдарламасы". 
Бұған биылғы жылдың 4 айының ішінде 157 000 адам қатысушы болып тіркелген. Оның ішінде 118 000 адамаға жұмыс табылды (58 мың тұрақты жұмысқа орналасты). Бұл жұмыстар әрірақай жалғастырылады. "Еңбек" бағдарламасының басқа құралдарын ескеретін болсақ, шағын несие беру, гранттар беру, жеке кәсіпкерлікпен оқыту шаралары. Жұмыс берушінің тапсырысымен "Атамекен" ұлттық палатасы аясында кәсіпкерлікке үйрету, жастарға қатысты жастар практикасы қолданылатын болады. Жалпы, 600 мыңға  жуық адамды жұмыспен қамтимыз деп отырмыз, - дейді министр.

Бұдан бөлек, 9 мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыс орындары құрылады. Соның аясында 1 млн 200 мың адам жұмыспен қамтылады.
Оған қоса, кешенді жоспарда жазылған жұмыссыз ретінде тіркелу тәсілдерін жеңілдету және ахуал өзгеріп жатқанда еңбек қатынастарын реттеу, ішкі еңбек нарығын қорғау және еңбек бағдарламасы тетіктерін кеңейту, жеңілдету бойынша ұсыныстар енгізу көзделген, - дейді Біржан Нұрымбетов.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы