Үкіметте жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен бейнеконференция режимінде әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты республикалық комиссияның отырысы өтті.
Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, кәсіподақ ұйымдары мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Комиссия отырысын ашқан Ералы Тоғжанов қазіргі жағдайда жұмыс орындарының сақталуын, жалақының уақытылы төленуін қамтамасыз ету, еңбек жанжалдарының алдын алу сияқты мәселелер бұрынғыдан да өзекті екенін атап өтті. Вице-премьер жұмыс берушілер мен жұмысшылардың мүдделерін қорғайтын кәсіподақтардың осы бағыттағы баға жетпес үлесін ерекше атап өтті. Еңбек қатынастарын реттеу үшін әлеуметтік әріптестіктің маңызы зор.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Нұрымбетов және өңірлер әкімдерінің орынбасарлары әлеуметтік шиеленістердің алдын алу және әлеуметтік-еңбек жанжалдарын шешу жөніндегі Кешенді жоспардың іске асырылуы, сондай-ақ өндірістік жарақаттардың санын азайту шаралары туралы баяндады.
Сонымен қатар Республикалық үшжақты комиссияның қарауына ҚР Үкіметі және кәсіподақ ұйымдары мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісімнің жобасы шығарылды.
Жаңа келісім «лайықты еңбек» мәтінінде және Халықаралық еңбек ұйымы ұсынылатын тәсілдер мен индикаторларына сәйкес әзірленуде. Осы мәселе бойынша Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С. Дәулеталин өз ұсынысын айтты.
Отырыс соңында Тоғжанов орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға бірқатар тапсырмалар берді. Олардың ішінде: өндірістік процестерді тұрақтандыру және азаматтардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша меморандумдар жасау жөніндегі жұмысты жандандыру, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша жедел шаралар қабылдай отырып, қызметкерлердің босатылуына мониторингті күшейту, жалақы және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті азайту жөнінде пәрменді шаралар қабылдау.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«7-20-25» бағдарламасы бойынша 39 689 өтінім қабылданды
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы