Үкімет өздеріне керек емес функцияларды ғана орталыққа беріп жатыр – депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелеріне байланысты заң жобасы қаралып жатыр.
Заң жобасын ҚР ұлттық экономика вице-министрі Айгүл Шайымова таныстырды. Оның айтуынша, Үкіметтен министрліктерге 88 өкілеттік беріліп, министрліктер арасында 2 функция қайта бөлінеді екен.Орталықсыздандыру жалғасады. Орталықтан өңірлерге 3 функция беріледі. Облыстық деңгейден ауданға жолаушылар көлігін дамытудың кешенді сызбасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзірлеу жөніндегі өкілеттік беріледі. "Өкілеттіктерді қайта бөлу не береді?" дегенге тоқталсақ, ең алдымен үкімет салалардағы саясатты қалыптастыруға баса назар аударатын болады. Мемлекеттік органдардың қабылданған шешімдер үшін дербестігі мен жауапкершілік деңгейі артады. Сондай-ақ оларды қабылдаудың жеделдігі арттырылады, - деді Айгүл Шайымова.
Ал депутат Уәлихан Қайназаров үкімет орталық органдарға негізгі функцияларды емес, өздеріне қажет еместерін ғана бөліп бергісі келіп отыр дегенді айтты.
Керек емес функцияларды министрліктен орталыққа беріп жатқаны бір үлкен проблема секілді емес. Себебін айтайын, үкіметтен денсаулық сақтау министрлігіне санаторийлік курортық емдеу орталығына ұсынылатын аурулардың тізбізесін жасау құзіреті беріледі. Ол тізбе бар болғаны жылына бір рет жасалады. Санаторийге жатқыза беретіндей аурулар көбейіп жатқан жоқ қой. Екіншісі, шекаралық аймақтардың кіреберістіне жол белгілерін орнату.Жалпы, бұл соншалықты айтарлықтай құзіреттер емес. Белгілерді кезінде орнатып қойған. Сондықтан мықты функция берді деп айта алмаймын", - дейді Уәлихан Қайназаров.
Оның айтуынша, мемлекеттік тапсырыс өткізу конкурстарын кейбір облыстарға аудандардың құзырына өткізу қажет.
Әрбір мемлекеттік орган қаражат, қолдарында рұқсат беретін билігін ешкіммен бөліскісі келмейді. Барлығын өздерінде ұстап тұрғысы келеді. Бұл жерде тек өздеріне қажет емес функцияларын таратып жатыр. Мысалы, аудан мен облыстарды қарайық. Кейбір облыстар бүкіл мемлекеттік сатып алуларды өздеріне жиып алған (күрделі жөндеу, жол салу т.б). Ал жауапкершілік төменде. Конкурсты облыс өткізеді, зардабын жергілікті органдар шегеді. Сондықтан осы функцияны беруіміз керек. Ақыры бюджеттен қаржыландыратын сол аудан емес пе?, - дейді депутат.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Университет рейтингін гранттар шеше ме?
Келесі жаңалық
Жұмаға арналған валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы