Үкімет пен әкімдер қоғам пікірімен тиісті деңгейде жұмыс істей алмай отыр – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Ақорданың Тwitter-дегі ресми парақшасында жазылды.
Үкіметтің және әкімдердің қабылданған шараларды түсіндіруінде олқылықтар бар. Олардың қоғам пікірімен тиісті деңгейде жұмыс істей алмай отырғаны байқалды, - деді Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президент, сонымен қатар, дәрігерлердің денсаулығын сақтау өте маңызды екенін айтты.
Дәрігерлеріміздің денсаулығын сақтау, олардың жұмысқа қабілеттілігі мен ынтасын арттыру – өте маңызды. Беделді дәрігерлер телемедицина, телеарна және әлеуметтік желі арқылы емделудің дұрыс жолдарын үйретіп, жүйелі түрде түсіндіруі қажет. Олай болмаған жағдайда, дүмбілез, алаяқ емшілердің күмәнді кеңестері халықтың денсаулығына кесел келтіреді, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев бұрынғы ДСМ басшылығын сынға алды
Өзгелердің жаңалығы