Үкімет отырысы онлайн өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде апта сайын өтетін Үкімет отырысы ертең онлайн режимде өтеді.
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері! Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Жарлығымен еліміздің аумағында COVID19 коронавирустық инфекциясының таралуына қарсы күрес және азаматтардың денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдын алу шаралары күшейтілуде. Осыған байланысты 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында Үкімет үйі ғимаратына келушілер және кеңестерге қатысушылар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін шектеу енгізіледі. Үкімет отырыстары онлайн режимде PrimeMinister.kz сайтында және ресми аккаунттарында таратылады. Шаралардың трансляциясы туралы алдын ала хабарлайтын боламыз. Қосымша ақпарат алу үшін 74-59-72 телефон нөміріне хабарласуға болады, - деп хабарлама таратты ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ҚР Ұлттық банкі мәлімдеме жасады
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы