Кімдерге ораза ұстау міндет емес? – Бас мүфти айтты

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кімдерге Рамазан айында ораза ұстау міндеттелмейтінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шариғатымыз бойынша балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз. Алайда жолаушылар, науқас жандар мен сырқаты асқынып кетуінен қауіптенген адамдар, сондай-ақ жүкті немесе емізулі баласы бар әйелдер ораза ұстауды кейінгі уақытқа қалдыруына болады. Бұған шариғатымыз рұқсат береді, - деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған баспасөз маслихатында.  

Ол өз сөзінде Құранның "Бақара" сүресінің 185-аятын келтірді.

"Алла сендерге (әр нәрсенің) жеңілдігін қалайды, қиындықпен қинамайды". Расында Ислам діні ауыз бекітуге, зекет пен садақа беруге шамасы келмейтін адамдарды ауыртпалықтан босатқан. Ал мүлде ораза ұстауға, садақа беруге жағдайы жетпеген жандар Аллаға мадақ, Пайғамбарға салауат айтып, үнемі дұға-тілекте болуы керек, - деді Бас мүфти.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы