Ким Чен Ын КХДР-да «ұлы дағдарыстың» орнағанын мойындады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ким Чен Ын алғаш рет Солтүстік Кореяда коронавирусқа қатысты қиындықтар барын мойындады, деп хабарлайды 24.kz.
Корея Жұмысшылар партиясы Орталық комитетінің Саяси бюро отырысында ол шенеуніктерді қатаң сынға алды. Айтуынша, билік өкілдері азаматтарды індеттен қажетті деңгейде қорғай алмаған. Бұл ел аумағында «ұлы дағдарыстың» орнауына әкелген. Сөйтіп, отырыс барысында бірнеше саясаткер отставкаға кетті.
Айта кетейік, «Рейтер» агенттігінің мәліметі бойынша Пхеньян Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы ешқандай деректерді бермеген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жеңіл атлеттер Олимпиадаға тағы төрт жолдама жеңіп алды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы