Ким Чен Ын елдегі сәтсіздіктер үшін шенеуніктерді кінәлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын елдің экономикалық сәтсіздіктері үшін шенеуніктерді айыптады. Ким Чен Ын экономикалық даму бойынша жоғары шенді шенеунік Ким Ту Ирді жұмыстан шығарды.
Бұл туралы Сhron хабарлайды деп жазады tengrinews.kz.
Кореяның орталық телеграф агенттігінің (KCNA) мәліметінше, Ким Ту Ир бір ай бұрын қызметке тағайындалған. Ким Чен Ын шенеунік экономиканың құлдырауында тұрған елді құтқару үшін жаңа идеяларды ұсына алмағанын мәлімдеді.
Кездесу барысында Ким министрлер кабинеті экономиканы басқаратын негізгі мекеме ролін атқара алмайтынын айтты, олар «инновациялық көзқарас пен нақты тактиканы» көрсетпей, мүмкін емес жоспарлар жасап жатқандығын атап өтті.
Министрлер Кабинеті негізгі экономикалық аймақтардың жоспарларын құруда жетекші роль атқара алмады және министрліктер дайындаған сандарды механикалық түрде біріктірді, – деді ол.Оңтүстік Кореяның ұлттық барлау агенттігінің мәліметінше, шекаралардың жабылуы Солтүстік Кореяның экономикасын қолдаудың негізгі көзі болып саналатын Қытаймен сауда көлемінің алғашқы 10 айда 75 пайызға төмендеуіне әкелді. Сондай-ақ, шикізаттың жетіспеушілігінен зауыттардағы өндіріс 2011 жылы Ким билікке келгеннен бастап ең төменгі деңгейге дейін төмендеді, ал қант сияқты импорттық өнімдердің бағасы төрт есе өскен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
75 мыңнан аса қазақстандық біржолғы зейнетақы төлемін алған
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы