Ким Чен Ын 20 күннен кейін көпшілік алдында көрінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын 20 күннен кейін алғаш рет көпшілік алдында көрінді. Бұл туралы 2 мамырда Оңтүстік Кореяның Yonhap агенттігі хабарлады.

Мәліметке сай, Ким Чен Ын Пёнган провинциясындағы Сунчхон тыңайтқыш зауытының ашылу салтанатына қатысты.

Ол лентаны өзі қиды. Содан кейін ол көпшілік пен құрылысшыларға жауап ретінде қолын бұлғады, - деп хабарлайды ақпарат құралдары.

Хабарламада айтылғандай, Ким Чен Ын бірнеше мекен-жайларды, соның ішінде шикізатты өңдеу, сары фосфор және фосфор-азот тыңайтқыштарын өндіру цехын, буып-түю цехын қарап шыққан.

Айта кетейік, Ким Чен Ын көпшілік ортада 12 сәуірден бері көрінбеген. Бұған дейін оңтүстікореялық БАҚ КХДР басшысының жүрегіне күрделі ота жасатып, ауыр халде жатқанын таратқан.

Алайда ел билігі бұл мәліметті растамаған. Сеулде билік өкілдері оларға КХДР-дан 36 жастағы ел басшысы ауыр науқас екені жайлы еш мәлімет келмегенін атап өткен еді.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы