Қостанайда кикбоксингтен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Қостанайда кикбоксингтен жасөспірімдер мен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы «Хабар 24» мәлім етті.
Жарыс Кеңес Одағының спорт шеберлері Асылхан Бұсырманов пен Марат Бегежановты еске алуға арналған. Балуандар «фулл-контакт» әдісі бойынша өзара үздіктерін анықтайды. Жеңіске жеткендер ұлттық құрама сапында Босния және Герцеговинада өтетін әлем біріншілігіне жолдама алады. Одан әрі Анталияда дүниежүзілік додада ел намысын қорғайды. Ал республикалық чемпионат 30-шы наурызда аяқталады.
«Бұл чемпионатта Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 288 спортшы қатысуда. Жарыстың маңыздылығы сол әлем чемпионаты алдындағы іріктеу. Сайыс жастар мен ересектер арасында өтіп жатыр»,-дейді чемпионаттың бас төрешісі Сұлтан Қуандық.