Киімі үшін сыналған қыз сұлулық байқауында жеңіске жетті
Үндістанның Уттаракханд штатындағы Ришикеш қаласында өткен «Miss Rishikesh-2025» байқауы күтпеген оқиғамен есте қалды. 23 жастағы Маскан Шарма байқау алдында өзін киім үлгісі үшін сынаған ер адамға батыл қарсы шығып, келесі күні жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
Үндістанның Уттаракханд штатындағы Ришикеш қаласында өткен «Miss Rishikesh-2025» байқауы күтпеген оқиғамен есте қалды. 23 жастағы Маскан Шарма байқау алдында өзін киім үлгісі үшін сынаған ер адамға батыл қарсы шығып, келесі күні жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға байқауға бір күн қалғанда болған. Видеода индуистік ұйым жетекшісі Рагхавендра Бхатнагар қатысушыларға «батыстық киім мәдениетке қайшы» деп айқайлап, байқауды тоқтатпақ болғаны көрінеді. Алайда Шарма тайсалмай оған жауап қайтарған:
Неліктен сіз әйелдердің киімін емес, темекі мен ішімдік сататын дүкендерді жаппайсыз? Алдымен соларды тоқтатыңыз, мен де киімімді өзгертемін, - деген ол.
Даудан кейін байқау жоспарланғандай өтті, ал Маскан Шарма жеңіске жетті. Оның ерлігі әлеуметтік желіде қызу талқылануда.
Бұл мен үшін қос жеңіс болды – өз құқығымды қорғадым және арманым орындалды, - деді ол BBC-ге берген сұхбатында.
Шарма үнді қоғамындағы әйел киіміне қатысты көзқарасты өзгертуге үлес қосқысы келетінін айтты. Оның сөзінше, «Мисс Ришикеш» байқауы – сұлулықтан да бұрын, еркіндік пен әділдік туралы күрестің символына айналды.
Жас модель келесі жылы «Мисс Уттаракханд», ал одан кейін «Мисс Индия» атағына таласпақ.
Маған бұл тәжді анаммен бөлісу керек. Ол маған әділдікті қорғауды үйретті, - дейді Шарма.
- Көркем гимнастикадан әлем чемпионаты: Ел намысын кімдер қорғайды? 08:52
- Көлеңкелі экономикамен күрес: Үкімет 53 іс-шараны қамтитын жоспарды бекітті 08:31
- Алматыда қымбат техникалар сақталған қоймада өрт шықты 08:08
- Мерц пен Бернэм Украинаға қолдауды жалғастыруға келісті 07:48
- Қазақстандықтар қандай қызметтер мен жәрдемақыларды онлайн ала алады? 07:30
- Трамп Канада импортына 50 пайыздық баж салығын енгізді 07:14
- Мемлекеттік академиялық би театрына Болат Аюхановтың есімі берілді 06:35