Киіктің басқарусыз өсе алмайтынын түсіну керек – Брекешев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз конференциясындағы баяндамасында Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты.

Ақбөкен популяциясы басқарусыз шексіз өсіп, тұрақты өмір сүре алмайтындығын түсіну керек. Біріншіден, жем-шөп ресурсы шектеулі, екіншіден, киікке тән әртүрлі себеппен, ауру, эпизоотия салдарынан жаппай қырылу. Киікті сақтау үшін арнайы қорғауды жалғастыра отырып, мүмкін болатын мөлшерін ұстап тұру неғұрлым орынды мәселе, - деді министр.

Сондай-ақ министр киікке қатысты тиісті ғылыми зерттеулер болмауына байланысты, жаппай өлім-жітімді болжау мүмкін емес екенін, сондықтан киік санының ауру мен жұттан күрт ауытқу ықтималдығын жоққа шығаруға болмайтынын 1980 жылдарда жасалған зерттеулерге сүйеніп айтты. 

Мұндай популяцияны басқару мұқият дайындықты қажет етеді. Сондықтан біз Зоология институтымен терең зерттеу жұмыстарын бастаймыз және қорытындысын, әрине, жариялаймыз. Бұл жұмыс – бірнеше жылға созылуы мүмкін, - деді ол.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында аталған министрліктің алдына екі маңызды міндет қойған болатын: бұл геология саласын дамыту және киіктердің санын басқару бойынша шаралар қабылдау.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы