Киіктер жаппай атыла ма? - Министр жауап берді

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Шешім әлі қабылданған жоқ (киіктерді атуға байланысты – ред.). Өткенде мен осы айдың соңына дейін шешім қабылдайтынымызды айтқан едім. Бірақ дәл қазір біз әлі нақты шешімге келген жоқпыз, - деп атап өтті ведомство басшысы Сенаттың жалпы отырысынан кейін өткізген баспасөз мәслихатында. 

 Министрдің айтуынша, ведомство киіктерді жаппай атуға болмайтынын жақсы түсініп отыр. 

Шешім қандай болса да, бұл бағыттағы жұмысты біз келесі жылы күзде бастаймыз. Жаппай атудан бас тарттық, - деді  Экология, геология және табиғи ресурстар министрі.  

Еске сала кетейік, бұған дейін Серікқали Брекешев  Каспий теңізінің зерттелетінін айтқан болатын. Алайда зерттеу жұмыстары біраз уақытты алатынын ескерткен шенеунік оның нақты қашан басталатынын дөп басып айта алмайтынын жеткізді. Дәл қазір тендерлік процедуралар қолға алынған. 

Біз бұл жұмыста жалғастырамыз және бақылауда ұстаймыз, - деді Серікқали Брекешев. 

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі таңда еліміздің аумағын  1 млн 318 мың бас киік мекендейді.  

Киік санын реттеу мәселеге айналғаны соншалық, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі жазда Мемлекет басшысынан шуға айналған проблема үшін сөгіс те алған болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы