Киік мәселесі бойынша әлі шешім қабылданбады - Брекешев
Үкімет сағатынан кейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев киіктердің санын реттеу мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Еске сала кетейік, Экология басшысы киік санын реттеу күзде басталатынын айтқан еді.
Әлі шешім қабылдаған жоқпыз. Қазіргі таңда сол салада ғалымдар мен экобелесенділермен тығыз жұмыс жасаудамыз, - деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі.
Бұған дейін министр қазақстандықтардың балықты аз жейтінін мәлім еткен еді.
Қазақстан жан басына шаққанда, балықты аз тұтынумен сипатталатынын атап өткен жөн. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір адамға жылына кемінде 16 килограмм балық өнімдерін тұтынуды ұсынады. Қазақстанда бұл көрсеткіш 4 килограммнан аз, оны жоғарыда атап өткенімдей, арттыру қажет. Өз кезегінде көршілес Ресей мен Қытайда бір адам сәйкесінше 23 және 43 кг тұтынады. Осылайша, көрші елдердің шекаралас аудандарын ескере отырып, балық өнімдерін экспорттау үшін әлеуетті ниша 3 млн тоннадан астам болуы мүмкін, - дейді Брекешев.