Киевтегі қазақстандық журналиске қастандық: ІІМ түсініктеме берді
Ішкі істер министрлігі екі қазақстандықтың Киевте журналист Айдос Садықовқа қастандық жасады деген күдікке ілінгені туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Азамат М.Қаратаевқа қатысты оның 2019 жылдың қаңтарда ішкі істер органдарынан босатылғанын және қазіргі уақытта полиция қызметкері емес екенін хабарлаймыз. Қазір біз Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес істің барлық мән-жайларын анықтау бойынша тиісті жедел іс-шаралар жүргізіп жатырмыз. Осы жұмыстың нәтижелері бойынша қосымша ақпарат беріледі, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 19 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Киевте Қазақстан журналисіне жасалған қастандық әрекетке пікір білдіріп, Қазақстанның ресми органдары істің ақиқатына жетуге жәрдем беру үшін тергеу жұмысына қатысуға дайын екенін жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көлеңкелі экономика: Биыл Смайылов аудит жүргізеді
Өзгелердің жаңалығы