Киевте мәдени ынтымақтастықты жандандыру мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елші Дархан Кәлетаев Украинаның Мәдениет және ақпараттық саясат министрі Александр Ткаченкомен кездесті.
Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Сұхбат барысында тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыру, оның ішінде шығармашылық топтармен алмасу, сондай-ақ бірқатар бірлескен жобаны жүзеге асыру мәселелерін талқылады, - делінген таратылған ақпаратта.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Украинаның Мәдениет және ақпараттық саясат министрлігімен этносаралық қатынастар және диаспора саласындағы өзара әрекеттесуінің мәселелері де талқыланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы