Киевте қазақтар құрылтайы өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина астанасы Киев қаласында сол елде тұратын қандастардың құрылтайы өтіп жатыр, деп хабарлады Отандастар қорының баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина астанасы Киев қаласында сол елде тұратын қандастардың құрылтайы өтіп жатыр, деп хабарлады «Отандастар қоры» КЕАҚ баспасөз қызметі.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Украинадағы Елшілігі мен қазақ диаспорасы бірлесіп ұйымдастырған Украинада тұратын қазақтардың құрылтайы алғаш рет өтіп отыр.
Іс-шарада ҚР Украинадағы Елшісі Дархан Қалетаев құттықтау сөз сөйлеп, атажұрттың ыстық сәлемін жеткізді.
Сондай-ақ құрылтай отырысына Украинаның Этносаяси және ар-ождан бостандығы жөніндегі мемлекеттік қызмет төрағасы Елена Богдан, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов және Украина Жоғарғы Радасының халық депутаты, Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық топтың мүшесі Сергей Нагорняк қатысты.
Қандастардың басқосу жиынының екінші бөлігінде Киев қаласындағы «Достық» Қазақ мәдени қоғамының басшысы Данияр Егамбердиев, Харьков қаласындағы «Бірлік» қазақстандық ұлттық ҚБ басшысы Макка Қаражанова және қазақ диаспорасының өкілі Рүстем Жанғожа шеттегі қандастар атынан сөз сөйлеп, атажұртпен арадағы рухани, мәдени, экономикалық байланыстың артуына күш салатынын атап өтті.
Тату береке-бірлік нәтижесінде халқымыз талай белестерді бағындыратынына тоқталды.
Этникалық өнер қайраткерлері қауымдастығы басқармасының президенті, Украинаның Ұлттық қоғамдастықтары Рада төрағасының орынбасары, Украинаның еңбек сіңірген әртісі Инеш Кдырова өз сөзінде украин және қазақ халқының берік достық қарым-қатынасына ризашылығын жеткізді.
Сонымен қатар құрылтай соңында жаңа қауымдастық басшысы сайланып, осыған дейін атқарылған бағдарлама мен жобаларға қатысты ұсыныс-пікірлер қорытындыланады.
Одан бөлек, қоғамдық жұмысқа белсене араласқан қандастарымыз ҚР Украинадағы Елшісі мен «Отандастар қоры» КЕАҚ алғыс хатымен марапатталады.
- Президент Эфиопия Премьер-министрі Абий Ахмедпен кездесті 12:42
- Сауд Арабиясы дрондардың жаңа шабуылы қаупіне байланысты негізгі мұнай құбырын жапты 12:37
- Қазақтың тұскиізі БРИКС логотипіне енді 11:48
- Қазақстанға заңсыз кіргізілмек болған 107 тонна өнім кері қайтарылды Ақбота 11:38
- Атыраудың 150 тұрғыны «Tour de Saraishyq-2026» велошеруіне қатысты 11:01
- Отбасы күні: Қазақстанда отбасы құндылықтарын нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр 10:53
- Ақтөбеде Елек өзенінде жаңа құтқару станциясы ашылды 10:36