Киев әуежайында қызды құтқарған әскери қызметкер медальмен марапатталды

Алматы, BAQ.KZ. Ұлттық гвардияның 6506 әскери бөлімінің командирі, Қазақстанның халық хаһарманы полковник Қайрат Үмбетов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының ардагерлері атынан сержант Алексей Кудиенкоға «Бауыржан Момышұлы Батыр шапағаты» медалін табыстады. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

Қайрат Үмбетов әскери қызметкерді марапаттау барысында оның расымен де ерлік жасағанын, соның арқасында адам өмірі сақталғанын атап өтті.

«Сержант Кудиенко демалыс кезінде ерлік жасады, бұл Отан қорғаушыға тән әрекет. Қолбасшылық пен жеке әскери бөлімнің барлық құрамы оның әрекетін жоғары бағалады. Біз оны мақтан тұтамыз. Оны жастарға үлгі ете отырып келешек буынды тәрбиелейміз», - деді Үмбетов.

Сонымен қатар ол, сержант Алексей Кудиенконы марапаттау жөнінде жоғары қолбасшылыққа өтініш білдіргенін жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы