Киев мэрі Кличкоға қатысты қылмыстық іс қозғады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы жоғарғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы соттың өтініші бойынша Киев қаласының мэрі Виталий Кличкоға қатысты  іс қозғады.  Бұл туралы РБК-Украина хабарлады.

НАБУ сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғарғы с оттың 2019 жылғы 2 қазандағы шешіміне сәйкес сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрге ақпарат енгізгені туралы хабарлады.
31 қазаннан бастап аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, - деп хабарлайды НАБУ.
ВАКС бұған дейін бюроға Кличко өз құзіретін асыра пайдалануы мүмкін деген күдікпен іс қозғауды бұйырған болатын. Бұл іс Киевтегі Шулявский көпірін қалпына келтіру кезінде қаражат ұрлау мүмкіндігіне қатысты. Киевраданың депутаттары ұлттық бюроға Киев әкіміне қарсы іс қозғау туралы депутаттық шағымын түсірген.

Олар Кличко Киев қаласының мемлекеттік әкімшілігінің лауазымды тұлғаларымен бірге Киевтің бюджет қаражатын шамадан тыс мөлшерде пайдаланды деп айыптап отыр.  Ақша жол өткелін қайта құру тендерінде жеңіп алған компанияға аударылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы