Киев кейбір аумақтарын Ресейге беруі мүмкін
Киевке қауіпсіздік кепілдіктері үшін кейбір аумақтарынан бас тартуға тура келеді. Бұл туралы Трамптың кеңесшісі Майкл Уолц мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ABC News-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бұл мәселе қақтығысты бейбіт жолмен реттеу аясында талқыланып жатыр.
Мәселе былай болады: аумақтар – болашақ қауіпсіздік кепілдіктеріне айырбас. Украинадағы оккупацияланған жерлерден барлық ресейлік әскерді күшпен шығару үшінші дүниежүзілік соғысқа әкелуі мүмкін. Сондықтан АҚШ қақтығысты шешуге барынша сақтықпен қарайды, – дейді ол ABC телеарнасының эфирінде.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ 43 елдің азаматтарына елге кіру талаптарын қатаңдатқанын жазған едік. Бұл елдер қатарында Ресей, Беларусь және Түрікменстан да бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бір бөлмеде 50 кереует: әйелдер түрмесінде жағдай жасалмаған
Өзгелердің жаңалығы