Киберқауіпсіздіктің негізгі бағыттары бойынша курс өткізілді

Қарулы күштердің әскери басқару органдары мен мекемелерінің әскери қызметшілері киберқауіпсіздіктің негізгі бағыттары бойынша оқытудан өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясында кибергигиена саласынан хабардар болуды арттыруға бағытталған үш күндік курс аяқталды. 

Әскери мамандар киберқауіпсіздіктің әлемдік саласын дамытудың өзекті үрдістерімен танысты, сондай-ақ оның Қазақстан Республикасындағы дамуының негізгі бағыттарын да зерделеді.

Оқыту интерактивті вебинарлар түрінде өтті. Бұл жоғары білікті оқытушылармен жедел қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ киберқауіпсіздіктің маңызды аспектілерінен өткір пікірталастар мен онлайн режимде бақылау сынақтарын өткізуге мүмкіндік берді. 

Курсқа қатысушылар компьютерлік қылмыстардың негізгі түрлерін зерделеп, әлеуметтік инженерия әдістерін және киберқауіпсіздік оқиғаларын басқару алгоритмін зерттеді. Оқу сабақтарының контент мазмұны халықаралық стандарттар мен неғұрлым нақты кейстерге негізделіп отыр. Ал киберқауіпке жүргізілген егжей-тегжейлі талдау киберкеңістіктегі ең өзекті сын-тегеуріндерге (фишинг, DDOS-шабуылдар, нысаналы желілік шабуылдар және т.б.) байланысты білім алушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Курстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінде оқытудың онлайн-форматтарын жалғастыру туралы шешімді бәрі бірауыздан қолдады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы