"Кибер-шериф" құрылғысы алименттен қашып жүрген борышкерді анықтады

Павлодар полицейлері “Кибер-шериф” арқылы алимент бойынша борышкерді анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар қаласының автожолдарындағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері жол жүру ережелерін өрескел бұзған жүргізушілерді анықтау үшін “Кибер-шериф” құрылғысын пайдаланады. Бұл құрылғы жол жүру ережелерін бірнеше рет бұзған және айыппұл төлеуден жалтарған көлік жүргізушілерін анықтауға мүмкіндік береді. 

Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Павлодар қалалық ПБ полиция қызметкерлері прокуратурамен және жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, Айманов көшесіндегі үйдің ауласында Mercedes автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде аталған автокөлік иесінің сот орындаушысының қаулысына сәйкес 956 304 теңге сомасында алимент бойынша берешегі бар екендігі анықталды. Бұл жағдайда иесі төлем жасаудан жалтарады, - делінген ақпаратта. 

Тәртіп сақшылары көлікті айыппұл тұрағына қамап, жүргізушімен әкімшілік айыппұлдарды уақтылы төлеу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Павлодарда жыл басынан бері борышкерлердің 8 автокөлігі айыппұл тұрағына қамалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы