ХҚКО-ға кезекке тұру жеңілдеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұдан былай көлікті қайта тіркеу үшін үш ЖСН-ге бір бронь алуға болады.
Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Акционерлік қоғам арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығымен бірлесіп, кезекті броньдау ісін оңтайландырды.
Бұдан былай автокөлікті қайта тіркеу үшін кезекті броньдау кезінде сатушының, көлік иесінің (егер автокөлік сенімхат бойынша сатылса) және сатып алушының ЖСН-ін көрсету қажет. Осылайша, әрқасысы жеке броньмен емес, жүйеге үш ЖСН арқылы бір қызмет алуға тіркеледі, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы