Алматы тұрғыны ХҚКО-да босанып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының Жетісу ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығына келген әйелдің бірі сол жерде босанды.
Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Ол Халыққа қызмет көрсету орталығына тіркеуге тұру үшін алдын ала жазылу арқылы келген. Танысының үйіне тіркеуге тұру үшін сағат 12.00-ге талон алды. Арада 10 минут өткенде толғағы басталды. ХҚКО басшысының міндетін атқарушы Қалмырза Сейтбеков әйелді дереу өз кабинетіне апарып, жедел жәрдем шақырды. Алайда, келген жедел жәрдем дәрігерлері әйелді перзентханаға апаруға тым кеш екенін байқап, сол жерде босандырды, - дейді Мұрат Жұмабай.
Оның айтуынша, сағат 12.30-да бөлім басшысының кабинетінде қыз бала дүниеге келген.
Ол - отбасының үшінші перзенті. "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы сәбидің ата-анасын құттықтап, босанған әйелге қызмет көрсетілгенін айтты, - дейді ресми өкіл.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус инфекциясы кезінде КТ тапсыру керек пе?
Өзгелердің жаңалығы