ҚХП партиясы Алматыда флешмоб ұйымдастырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 қаңтарда Алматыда ерекше флешмоб өтті. Қазақстан Халық партиясының белсенділері мен еріктілері «жұдырықтың», яғни ҚХП-ның логотипінде бейнеленген символдың бейнесін жасады. Орын алған жағдайдың бәрі аспанға ұшырылған квадрокоптер камерасына түсірілді.

Қазақстан Халық партиясының мүшесі Светлана Канның айтуынша, жастарды патриотизм рухында тәрбиелеуді идеологиямыздың басты міндеті деп санайтынын айтты. Ол білім беру бағдарламасын, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін тану негіздерін қалыптастыратын пәндерді енгізудің маңыздылығы туралы сөз қозғады. 

Яғни мектептегі тарихи туризм дәстүрін жандандыру керек. Оқудағы жетістіктері мен қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін мектептер оқушыларды сауықтыру-таныстыру демалысына бір өңірден екінші өңірге жіберуі тиіс. Мәдениет нысандарына үнемі тегін баруды ұйымдастыруды заңнамалық тұрғыдан бекіту қажет.

Мемлекет азаматтардың әлеуметтік осал топтарының мәдени-бұқаралық іс-шараларға тегін қатысу мүмкіндігі болуы үшін осындай жобаларды қаржыландыруы тиіс. 

Бұған дейін мұндай түсірілім Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай астананың Орталық саябағында өткен болатын. Онда ҚХП белсенділері тәуелсіз мемлекеттің жасын, яғни «29» санын бейнелеген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы