ҚХП мүшелері зауыт жұмысшыларымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Қазақстан Халық партиясының мүшелері Павлодар облысы Ақсу қаласының ферроқорытпа зауытының жұмыскерлерімен кездесті. 

Жұмысшылар құқықтарын қорғайтын тәуелсіз кәсіподақтарға қолдау көрсету керектігін атап өтті. 

Партия мүшелері  қала тұрғындарымен де кездесу өткізді. Олар халықтың көп бөлігін толғандырып отырған өзекті мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, тегін білім, медицина, тұрғын үй және тағы да басқа мәселелер көтерілді. 

Кездесу барысында өндірістегі және зияткерлік саладағы кадрлар мәселесі де айтылды. 

Сондай-ақ, кездесуде азаматтардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік кепілдіктер, төлемдер, жастар үшін тең мүмкіндіктер жасау, әйелдер мен балалардың құқықтарын қолдау және сақтау секілді өзекті мәселелер де көтерілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы