ҚХП мүшелері Көкшетаудағы кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Халық партиясы өкілдері Көкшетаудағы «Новопэк» ЖШС кәсіпорнында болды. Мұнда полипропилен қаптары, биг-бегтер (жұмсақ контейнерлер) шығарылады.

Партия мүшелеріне өндірістік процесс көрсетілді. Кездесу барысында аталған өндірістің өнім сапасын жақсарту, өнім сұранысын арттыру мәселелері де талқыланды.

ҚХП отандық кәсіпорындар өнім сапасын жақсарту үшін үнемі жұмыс істеуі керек, жарнамалық науқан мен өнімді жылжытуға баса назар аударуы қажет екенін айтты.


Сондай-ақ, кездесу барысында реформаларды тиімді іске асыру және экономиканың нақты секторын реттеу үшін мемлекеттік және квазимемлекеттік шығыстарды оңтайландыру мәселесі талқыланды. 

Әкімдердің жеке жауапкершілігін арттыра отырып, инвестициялық саясат пен инвесторлармен ынтымақтастық мәселелерін жергілікті атқарушы органдарға жүктеу қажеттілігі де сөз болды.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы