ҚХП қоғамдық көліктегі қауіпсіздікті тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Халық партиясының Астана қалалық филиалы елордадағы қоғамдық көліктердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізді. 

Рейд барысында пандемия жағдайына байланысты санитарлық талаптардың сақталуы тексерілді. 

ҚХП белсенділері мен еріктілері автобус салондарының толымдылығын, ондағы әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі, сондай-ақ жол жүру төлемін тексеретін бақылаушылар, жолаушылар, жүргізушілер тарапынан карантиндік нормалардың сақталуын тексерді.

ҚХП белсенділері автопарктерді қалалық автобустарды қауіпсіз етуге шақырды. Рейд қорытындысы бойынша партия мүшелері елорда әкімдігіне хат жолдады.

Сондай-ақ, Қазақстан Халық партиясы өткізген «Мен тегін білімді қолдаймын!» интернет-акциясы да жан-жақты қолдау тапты. 

Белсенділер әлеуметтік желілерде өз жазбаларын жариялап, тегін білім алудың қажеттілігі, мұғалімнің мәртебесін көтеру, әр оқушы үшін үйірмелер мен спорт секцияларында тегін қосымша сабақтармен қамтамасыз ету туралы ойларын білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы