ҚХП Алматы мен Степногор қалаларында кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Қазақстан Халық партиясының өкілдері қаладағы орта мектептердің, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарының педагогтарымен және оқытушыларымен кездесті.
Кездесу барасында жеткіншектердің білім алуға қолжетімділігі сөз болды.
Партиялықтар сапалы және қолжетімді білімге инвестиция құю – бұл Қазақстанның адами капиталына құйылған инвестиция екендігін айтты.
Сонымен қатар, Степногор қаласында ҚХП мүшесі Олжас Сыздықов «Целингормаш» зауыты ұжымымен кездесу өткізді.
Олжас Сыздықов өндірістік процесті бақылап, еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін, кәсіпорынның техникалық жабдықталуын бағалады. Ұжыммен бейресми жағдайда кездесіп, дидарласты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордадағы көші-қон ХҚКО-сы жабылады
Өзгелердің жаңалығы