Хорватиядағы президент сайлауы: Колинда Грабар-Китарович бірінші турда жеңілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірінші турда оппозиционер Миланович жеңіске жетті, алайда ол сайлаушылардың 50% дауысын жинай алмады.

Бұл туралы Республиканың мемлекеттік сайлау комиссиясының төрағасы Джюро Сесса мәлімдеді.

Президент сайлауына оппозициялық Социал-демократиялық партия (СДП) атынан түсіп жатқан Зоран Миланович бірінші турдың қорытындысы бойынша қарсыластарын озып, жеңіске жетті. Алайда, үміткер сайлаушылардың 50% пайыз дауысын жинай алмаған. 

Қазіргі кезде бюллетеньдерінің 100%-ы өңделген. Оның нәтижесі бойынша Миланович 29,55% дауыс жинаған. Одан кейін 26,65% нәтижесімен елдің қазіргі президенті Колинда Грабар-Китарович келеді. Үшінші орында әнші әрі музыкант Мирослав Шкоро тұр. Оған сайлаушылардың 24,45% дауыс берген.

Сесса атап өткендей, халықтың сайлауға келу көрсеткіші – 51,19%. Бұл 2014 жылғы президенттік сайлауға қарағанда 100 мың адамға артық. Ол кездегі келушілер саны 47,12% еді.

Екінші турда да келушілердің саны осындай шамада болады деп отырмыз, - дейді мемлекеттік сайлау комиссиясының төрағасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы