Нұр-Сұлтанда Хорватия елшілігі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Енді Қазақстанда шет мемлекеттердің 70 елшілігі бар.





Елордаға Хорватия Республикасы премьер-министрінің орынбасары - сыртқы және еуропалық істер жөніндегі министрі Мария Пейчинович-Бурич елшіліктің салтанатты ашылу рәсіміне қатысу үшін арнайы келді.

ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанда 20-дан астам хорватиялық кәсіпорындардың тіркелгенін айтты.





"Бүгінде Қазақстан мен Хорватия арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Шарт-құқықтық база, ведомствоаралық ынтымақтастық, кәсіпкерлік және мәдени-гуманитарлық байланыстар кеңеюде. 2018 жылы екіжақты тауар айналымы 350 млн доллардан асты. Қазақстанда 20-дан астам хорватиялық кәсіпорын тіркелген. Олар құрылыс, денсаулық, азық-түлік және сауда салаларында жұмыс атқарып жатыр", - деді сыртқы ведомство басшысы.



 Шараға еліміздегі басқа мемлекеттердің елшілері мен консулдары қатысты.

"Еуропалық одаққа осыдан 6 жыл бұрын ғана мүше болған, ал 2020 жылы Еуроодаққа төрағалық ету сияқты үлкен миссиясына ие болатын Хорватияның сыртқы саясаттағы жетістіктерін Қазақстан жоғары бағалайды", - деді министр Атамқұлов.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы