Хоккейден Әлем чемпионатының ашылу салтанатында лазерлік шоу өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біздің жерлестеріміздің алғашқы қарсыласы – Словения құрамасы. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты icehockey.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
Хоккейден А тобындағы алғашқы дивизионның әлем чемпионаты 2019 әсерлі шоу-бағдарламамен ашылмақ.«Ашылу салтанатында жанкүйерлерді 3D-технологиялар қолданылған лазерлік шоу күтеді. Турнирдің ашылу салтанаты 29 сәуірде сағат 19:30-да «Барыс-Аренада» өтетін болады. Естеріңізге салайық сағат 20:00-де Қазақстан мен Словения құрамалары арасындағы матч басталады», – делінген хабарламада.
Алғашқы дивизиондағы хоккейден әлем чемпионаты Қазақстанда тұңғыш рет өткізілуде.Топ-дивизионға екі жолдама алу үшін Қазақстан, Словения, Белорусь, Оңтүстік Корея, Венгрия және Литва құрамалары бақ таластыратын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы