Хоккейден балалар арасындағы жарыс атыспен аяқталды
Астана, BAQ.KZ. Мәскеуде 2008 жылы туған ойыншылардан құралған «Северная Звезда» мен «Дмитров» командалары арасындағы матч кезінде екі хоккейшінің әкелері бір-бірімен жанжалдасып қалды. Бұл жөнінде РИА Спорт порталы хабарлайды.
Портал ақпаратына сәйкес, «Дмитров» ойыншыларының әкелері Медведково ауданындағы №2 спорт мектебінде жанжалдасып қалған. Ересектер алдымен мұз алаңының маңында дауласып, кейіннен асханаға барып мәселені анықтауды жалғастырған.
Дауласу барысында ер адамның бірі «Оса» травматикалық тапаншасын шығарып, қарсыласының басынан атқан. Ол тез арадаға ауруханаға жеткізілген. Қазір жәбірленушінің өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Алайда, ол өте көп қан жоғалтқан.
Мәскеу ІІД –де хабарлағандай, оқ атқан ер адам ұсталды. Оған «Бұзақылық» бабы бойынша айып тағылып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
2020 жылы Түркістан 100% газбен қамтылмақ
Өзгелердің жаңалығы