Хоккей: Қазақстан әлем чемпионатындағы екінші жеңісіне қол жеткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.kz тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласында шайбалы хоккейден 1 дивизионның А тобындағы құрамалары арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан екінші жеңісіне қол жеткізді. 


Бүгін Қазақстан мен Литва кездесті. Бас бапкер Андрей Скабелька мына ойыншыларға сенім артты: Карлссон(Кудрявцев), Михайлис- Сен-Пьер – Боченски(К), Метальников – Маклюков;Шевченко – Бойд – Некряч, Диц – Орехов;Жайлауов(А) – Сагадеев – Акользин, Шалапов – Клещенко;Әсетов– Рымарев- Шестаков, Семенов(А)-Петухов.

Қазақстан сапында бірінші шайбаны «Барыс» шабуылшы Дастин Бойд соқты. Нәтижелі шабуылды команда капитаны Брэндон Боченски мен Антон Сагадеев ұйымдастырды. 

Екінші кезеңде тағы осы екі ойыншының ұйымдастыруының арқасында Никита Клещенко екінші голды соқты.

Ал үшінші 20-минуттықтың бас жағында Литва құрамасы есеп айырмасын қысқартқан. Бірақ теңестіруге шамалары жетпеді. Есесіне, Андрей Скабелька шәкірттері қарсыластың қақпашысының қателескенін тиімді пайдаланып кетті. Көзге түскен - Даррен Диц.

Сөйтіп, жерлестеріміз осы чемпионаттағы екінші жеңістерін тойлады. Бұған дейін Словенияны ұтқан болатын.

Қазақстан - Литва 3:1 (1:0, 1:0, 1:1)
1:0 - Бойд (Боченски, Сагадеев) - 10:13
2:0 - Клещенко (Сагадеев, Боченски) - 31:21
2:1 - Домейка (Четвертак, Чижас) - 31:25
3:1 - Диц (Карлссон) - 59:21

Айта кетейік, Бірінші дивизионның А тобында Қазақстан мен Литвадан бөлек, Венгрия, Оңтүстік Корея, Беларусь, Литва құрамалары бар. Осылардың арасында ең көп ұпай жинаған екі құрама келесі жылы элиталық топқа жолдама алады. 
Екінші турдан кейінгі көшбасшылар:
1. Оңтүстік Корея - 6 ұпай
2. Беларусь - 6 ұпай
3. Қазақстан - 6 ұпай
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы