ХОК Токио Олимпиадасының жарыс кестесін бекітті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық Олимпиада комитеті коронавирус індетіне байланысты 2021 жылға ауыстырылған Токио Олимпиадасының кестесі мен жарыс өтетін орындарды бекітті. Бұл туралы ХОК-тың Twitter-дегі парақшасында хабарланды. 

Жарыс кестесі 2020 жылғы нұсқа негізінде бекітілді.

Сондай-ақ, ХОК спортшылар жататын орын мен басты баспасөз орталығы және бродкастерлік орталықтың орналасу тәртібін белгіледі. 

Айта кетелік, Токио Олимпиадасы жоспар бойынша 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді. 

Наурыз айының  аяғында ХОК пен Токио ойындарын ұйымдастыру комитеті індетке байланысты Олимпиаданы 2021 жылға ауыстырған болатын. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы