ҚХЛ: "Барыс" жеңіспен бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) жаңа маусымының бірінші ойынында ригалық "Динамоны" жеңді.

Vesti.kz сайтының хабарлауынша, командалар арасындағы ойын Ригада өтті. Тартысты бәсекенің соңында есеп 3:1-ге жетіп, қазақстандық команданың пайдасына шешілді. 

Юрий Михайлис шәкірттері бірінші кезеңнен бастап-ақ жеңіске үмітті екендерін дәлелдеді. Олар бірінші кезеңде жауапсыз үш шайба салды. Кертис Волк (8-ші минутта), Барыстың жаңа маусымдағы бірінші шайбасының авторы, Никита Михайлис (10-шы) және Даррен Диц (17-ші) қарсыластар қақпасынан саңылау таба білді. 

Екінші кезеңде ригалықтар құрамында ойнайтын Павел Чернов 39-шы минутта есепті қысқартты. Ал үшінші кезеңнің аяқталар тұсында Денис Паршин есепті 3:2-ге жеткізді. Осымен ойын аяқталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы