ХҚКО қызметкерлері қоғамдық көлікте қызмет көрсетті
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Азаматтарға арналған үкіметтің ШҚО бойынша филиалы қызметкерлері Семей қаласындағы ең танымал №4 автобус бағдарында жолаушыларға қызмет көрсетті, деп хабарлады Алтайньюс.
Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері жолаушылардың барлығына қызметтерді онлайн алуға мүмкіндік беретін «Мобильді азаматтар базасында» тіркелуді ұсынды. Оның көмегімен 50-ден астам танымал мемлекеттік қызметті бірретік SMS-хабарлама арқылы алуға болады.
"Бүгінде азаматтар мемлекеттік қызметтерді негізінен халыққа қызмет көрсету орталықтарында алады, бірақ бұл мақсатта Egov электронды порталын пайдалануға да болады. Кейбір адамдар компьютердің тілін түсінбейді. Бірақ қызметтерді телефон арқылы алудың бірнеше жолы бар. Біз соны насихаттап жатырмыз", – деді Семей қаласының №3 халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Ернұр Сұлтанов.
Автобусқа мінген жолаушыларға Telegram мессенджеріндегі арнайы бот – @EgovKzBot туралы айтылды. Оның көмегімен 25 түрлі анықтама мен сервисті пайдалануға болады, мәселен, емхана тіркеуіне тұрып, кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында кезек уақытын броньдауға мүмкіндік бар"Мен Telegram қосымшасын орнату арқылы мекенжай анықтамасын алуға болатынын білмедім. Жұмысқа тұрғанымда менен бұл анықтаманы талап еткен. Енді ол үшін ХҚО-ға барудың қажеті жоқ екенін білемін", - дейді жолаушылардың бірі.
Акцияны ұйымдастырушылар мобильді ХҚО-дан кеңес алған бірнеше адамның өзі мемлекеттік қызметтерді электронды форматта ала бастаса, бұл олар үшін жетістік боп саналатынын айтады. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта Семейдегі «Қоғамдық көліктегі ХҚО» шарасы тағы бірнеше мәрте жүргізілетінін айтты.