Хирургтер ер адамның асқазанынан 25 сантиметрлік арматураны алып тастады

Алматы, BAQ.KZ. Ер адам асқазандағы арматурамен 2,5 жыл жүрген және енді ғана дәрігерлерге проблемамен жүгінген. Бұл туралы Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Жедел жәрдем дәрігерлеріне денедегі бөтен затты шығару күрделі операция болмаған. 54 минут ішінде операциялық бригада тапсырманы сәтті орындап шыққан.


Бүгін, 28 қыркүйек күні пациент ауруханаға эпигастрий аймағындағы өткір ауырсыну шағымымен келді. Пациенттің айтуынша, екі жыл бұрын ол тергеу изоляторында болған, сол жерде арматураны жұтып қойған. Рентгенологиялық диагностика нәтижесінде пациенттің сөздері расталып, ер адамға дереу лапаротомия, гастротомия, денедегі бөгде затты шығару бойынша операция жасалынды. Операция сәтті өтіп, науқас палатаға ауыстырылды, - деді №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімшесінің хирургі Темірхан Қожахметов.
Дәрігерлер 2 жылдан астам уақыт бойы асқазандағы металл зат қиындық тудырмағанын бірегейлік деп атады. Себебі бөтен зат ішкі денеден басқа жерге ауыспай немесе асқазанның қабырғасына  зақым келтірмеген. Перфорация және қысым жаралары мұндай жағдайларда жиі кездесетін асқынулар. Перфорация - бұл бөтен дененің асқазан-он екі елі ішектің құрамына еніп, бос іш қуысына енуін айтады.



Операциялық бригада:
Хирург – Қожахметов Темірхан Көлібайұлы, ассистент – Мұқашев Бағлан Қадыржанұлы, анестезиологтар – Кисебаев Дамир Серікұлы және Уставицкая Светлана Васильевна, операциялық мейірбике – Язовская Оксана Анатольевна, санитар – Камалова Мадина Смаилқызы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы