КХДР Жапон теңізіне қарай екі баллистикалық зымыран ұшырды
КХДР Жапон теңізіне бағытталған екі баллистикалық зымыран ұшырды. Бұл туралы Kyodo агенттігі Жапония үкіметіндегі дереккөздерге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жапония Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, зымырандар Жапонияның ерекше экономикалық аймағынан тыс аумаққа құлаған. Қазіргі уақытта қандай да бір залал немесе зардап туралы ақпарат жоқ.
Бұған дейін КХДР-дың зымыран ұшырғаны жөнінде Оңтүстік Корея Қарулы күштері штаб бастықтарының біріккен комитеті де мәлімдеген болатын.
Сонымен қатар Жапонияның жағалау күзеті аталған аймақта жүрген кемелерді зымырандардың ықтимал сынықтарына жақындамауға және барынша сақ болуға шақырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін еліміздің 8 қаласында ауа ластанады
Келесі жаңалық
7 қаңтарға арналған валюта бағамы жарияланды
Өзгелердің жаңалығы