КХДР Оңтүстік Кореяға қоқыс салынған әуе шарларын жіберді
Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға 160-тан астам қоқыс салынған шар жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады. Шарлардың ішінде қағаз, пластикалық шөлмектер және басқа да қалдықтар болған. Қауіпті, жарылғыш заттар табылмады. Әуе шарлары Сеулдің орталығындағы Кенгидо провинциясына келіп түскен.
Бұл Солтүстік Кореяның алғашқы әрекеті емес. Мамырдың соңында 21 рет осындай сәлемдеме келген. Бұл әрекетті Пхеньян Оңтүстік Корея белсенділері солтүстікке қарай ұшыратын шарларға қарымта деп атады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда алғаш рет онкологияға шалдыққан балаларға көмек көрсету стандарты бекітілді
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы