ХБО: Қытайда білім алуға 300-ге жуық қазақстандық өтініш берді

Астана, BAQ.KZ. Қытай еліндегі үздік жоғарғы оқу орындарында білім алғысы келетін 274 адамнан өтініш келіп түсті. Бұл туралы "Болашақ" ХБО баспасөз қызметі хабарлады.

"Әңгімелесу конкурсының нәтижесі бойынша Қытайдағы жоғары оқу орындарында білім алу бойынша 122 адам ұсынылып, 36 адам қосымша тізімге енді. Үміткерлерді таңдау құзыры тәуелсіз сарапшылардан тұратын комиссия мүшелеріне берілді. Олардың арасында Назарбаев зияткерлік мектептерінен, «Білім инновация лицейі», сонымен қатар қоғамдық ұйымдардың мүшелері болды" - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, ХБО өкілдері ең соңғы шешім Қытай елі тарапынан қабылданатынын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы