«Хапоэльмен» ойында Еуропа лигасындағы алғашқы голымды соққым келеді – Еркебұлан Сейдахмет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 тамыз күні Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында «Қайрат» пен «Хапоэль» (Беэр-Шева) арасында Еуропа лигасының қарымта ойыны өтеді.

Алматы клубының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет осы ойында гол соғып, командасын келесі кезеңге алып шығуға көмектескі келетінін айтты.

- «Хапоэльмен» қарымта кездесу алдында көңіл күйін қалай?

- Біз бұл ойынға дайындалып жатырмын. Бас бапкер алаңға шығуға мүмкіндік береді деп үміттенемін. Осы матчта «Хапоэльдің» қақпасына гол соғуды армандаймын. Бізге жеңіс өте қажет! Бәріміз де үшінші турға армандайды деп ойлаймын. Бейсенбі күні стадион толы болады деп үміттенемін. Жанкүйерлер біздің он екінші ойыншымыз. Жақсы қолдау бізге голдар соғуға көмектеседі.

- «Қайратқа» қаншалықты бой үйретіп үлгердің?

- «Қайратта» күнде қуана-қуана жаттығамын. «Уфа», «Левскидағы» жаттығулардан басты айырмашылығы бар. Мұнда жаттығу процесі әлдеқайда қызығырақ. Қайта қалыпқа келу де жылдам. Біздің спорттық база – Еуропадағы үздіктердің бірі. Мұнда барлығы бар: сауна, бассейн, криокамера, массаждың түр-түрі.

- Жақында «Қайрат» сапындағы алғашқы голынды соқтың. Содан кейін «Қайрат» Қостанайда «Тобылды» ірі есеппен жеңді. Осы жетістігінді Еуропа лигасында қайталауға дайынсың ба?

- Иә, мен дайынмын. Егер де жаттықтырушылар штабы маған алаңға шығуға мүмкіндік берсе, өз кезегімде гол соғуға барлық күшімді саламын. Әрине, әріптестеріме пас беруді де ұмытпаймын. Бұл жерде голды кім соғатыны маңыздысы емес, бастысы келесі кезеңге өту. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы