Ұлағат Ханзада: Ұлттық аңшылық неге «ерсі көрінеді»?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Журналист, этнограф, аңшы Ұлағат Ханзадамен еліміздегі ұлттық аңшылық жайлы, тазы жүгіртіп, саятшылықпен айналысу туралы әңгіме өрбітудің сәті түсті.

Қазіргі еліміздегі тазылардың жай-күйі, нағыз қазақы тазылардың тұқымы сақталды ма, халықаралық кинология орталығына тіркелу мәселесі, аңшылар арасындағы ынсап пен қанағат мәселесі де сұқбаттан тыс қалған жоқ.

Оның айтуына қарағанда, қазақы тазыны халықаралық кинология орталығына тіркетудің мәселесі шаш-етектен. Сонымен қатар ұлттық аңшылық өнерімізді дамытып, туризм саласына айналдыру үшін мемлекеттен қолдау керек дейді аңшы.

Ұлағат Ханзада осы сала бойынша бірнеше кітап дайындап отырғанын, тек демеуші мәселесі қолбайлау болып отырғанын да жасырмады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы