"Ханна" дауылы салдарынан Техаста төтенше жағдай енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жағалаудағы аудандарда дауыл, нөсер жаңбыр мен су тасқыны болады деп күтілуде. 

АҚШ-тың Техас штатының губернаторы Грег Эббот "Ханна" дауылына байланысты бірқатар өңірде төтенше жағдай режимін енгізді, делінген губернатордың  gregabbott.com сайтында. 

Төтенше жағдай режимі штаттың 254 округының 32-іне енгізілді. Бұл шара жергілікті билік орындарына кейбір қосымша қорға қол жеткізуге және табиғи апат салдарын жою кезінде көбірек ресурстарды пайдалануға жол ашады. Атап айтқанда, құтқару немесе қалпына келтіру жұмыстарына ұлттық ұланды тартуға мүмкіндік береді.

Осы аудандағы энергиямен қамтамасыз етуге жауапты American Electric Power компаниясының сайтында хабарланғандай, 60 мыңға жуық тұтынушы жарықсыз қалды. Бұған дейін билік бірнеше шағын жағалаудағы қалалардың тұрғындарына қауіпсіз жерге көшуді ұсынған.

Сондай-ақ, көрші Мексикада да сақтық шаралары қабылданып жатыр. Елдің азаматтық қорғаныс ұлттық басқармасы солтүстік-шығыстағы Тамаулипас және Нуэво-Леон штаттарының бірқатар ауданында дауылдың жақындауына байланысты жоғары ("қызғылт сары") дабыл деңгейі жарияланды.

Дауыл Мексика аумағына нөсер жауынды алып келуі мүмкін екендігі болжануда, тіпті кейбір ауданда бір шаршы метрге 150-250 литр су түседі деп күтілуде. Техас жағалауына дауыл бірер күн бұрын түскен болатын. Дауыл шегіндегі желдің жылдамдығы 40 м/с. "Ханна" дауылы оңтүстік-батысқа 3,6 м/с жылдамдықпен жылжып келеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы