Атыраулықтар халықаралық байқауда жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Мәскеу қаласында өткен "Рождественские звезды - 2020" халықаралық фестивалінде атыраулық оқушылар жеңіс тұғырынан көрінді.

Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Жыл сайын үш мыңнан астам өнерпаз бақ сынайтын байқауда Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының шәкірттері ел намысын қорғады. Олар 3 аталым бойынша өнер көрсетті. 


"Сурет және майлы бояу" мамандығының оқушысы Зере Саясат  –  бас жүлде иеленсе, Құрманбай Іңкәр І дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен бірге, академияның "Қазына" би ансамблі өз аталымында І орынды иеленді. 


"Рождественские звезды" халықаралық байқауы биыл 20-рет ұйымдастырылды. Оған әлемнің 8 елі мен Ресей Федерациясына қарасты 6 республиканың өнерпаздары қатысты. Оқушылар үшін мұндай жарыста жеңімпаз атанудың маңызы зор, - дейді Академия директоры Долорес Таскарина.

Айта кетейік, осыдан аз уақыт бұрын Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының "актерлік шеберлік" мамандығының оқушылары Чехия астанасы Прагада өткен халықаралық жарыстан бас жүлдемен оралған еді. Олар Шекспирдің "Ромео и Джульетта" пьесасын сахналаған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы