Қасымов: Халық деген – жеке сектор

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегі «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Болат Қасымов «Antikor live» жобасы аясында өткен онлайн брифинг барысында айтты. 

Мемлекеттік қызметкерлер халық шенеуніктерден әркез ақылды екенін естен шығармауы керек. Онымен дауласуға болмайды. Мен кейде таңғалам, себебі көп шенеунік солай айтса, ренжиді. Оған қарсы тұруға болмайды, тек бұл деректі қабылдау керек. Халық деген - жеке сектор. Оған сарапшылар мен кәсіпкерлер жатады. Мемлекетті басқару өнері шенеуніктердің осы білім мен өсиетті қаншалықты тиімді қолдана алатынына байланысты. «Адалдық алаңы» кәсіби азаматтық қоғамның мемлекеттік шешімдердің өтуіне түрткі ретінде жасақталды, - деді ол.  

Қасымов айтып өткендей, көп процесте ашықтықты қалыптастыру үшін жұмыс атқарылып жатыр. 

Оның ішінде мемлекеттік сатып алуды қалыптастыру да бар. Себебі, бүгінде кәсіпкерлерде бір мәселе пайда болса, «аға», «әпкелеріне», өзге де әкімшілік ресурстарға жүгінеді. Министрліктің табалдырығын тоздырып, техникалық тапсырмаларды өз орайына қарай шешеді. Онымен күресу керек. Мен де кәсіпкермін. Егер де қандай да бір идеяңыз болса, сарапшылық кеңеске келіңіздер. Идея жақсы болса, біз оны қолдаймыз, - деді Болат Қасымов.  

Оның айтуынша, «Адалдық алаңына» дейін кәсіби қауымдастықтар мен ұйымдар өз идеяларын ұсынды. 

 

Бірақ «Адалдық алаңы» Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Сыбайлас жеморлыққа қарсы агенттіктің бірлескен жобасы екенін түсіну керек. Аталған сарапшылық кеңес мемлекеттік орган емес, консультативтік кеңес органы болып саналады. Осы орайда оның жұмысын тиімді пайдалану керек, - деді ол. 


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы